Басты Жаңалықтар Қаламгер Ғабит Мүсірептің жаңа жинақтары жарық көрді

Қаламгер Ғабит Мүсірептің жаңа жинақтары жарық көрді

Астанада Белгілі қаламгер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ғабит Мүсірептің «Соңғы мүмкіндік» және «Болмысы бөлек Бесқала» атты жаңа кітаптарының тұсауы кесілді. Қос жинаққа автордың әр жылдары жазылған мақалалары, сұхбаттары мен ойтолғаулары топтастырылған. «Соңғы мүмкіндік» кітабында ел тәуелсіздігінің мәні мен маңызы, ұлттық құндылықтар туралы өткір пайымдар көрініс тапқан. Ал «Болмысы бөлек Бесқала» туындысында туған жерінің тарихын, сол өңірден шыққан дара тұлғалардың өнегелі өмір жолын арқау етеді. Екі кітап та өткенді таразылап, бүгінді бағамдап, болашаққа ой жүгіртетін мазмұнды еңбектер ретінде көпшілік оқырманға ұсынылып отыр.
Ғабит Мүсіреп, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты , кітап авторы:
«Соңғы мүмкіндік» атауының себебі, біздің халқымыз,еліміз бұрын ел болды хандық құрды. Жұбан Молдағалиев айтпақшы мың өліп мың тірілген қазақпыз. Бұл кітаптің атауыда содан туындады былайша айтқанда. Сондықтан азаттықтың қадірі,тәуелсіздіктің қадірі асыға келгендігін айта кетіп өмірден,тарихтың сабағынан тағлым алу деген ой түйдік. Осы ойдан туындаған кітаптің атауы «Соңғы мүмкіндік» деп аталады.

Бөлісу