Венесуэлада алапат жер сілкінісі болды
Венесуэланың батысында алапат жер сілкінісі болды. Ел астанасы Каракаста ғимараттар құлаған. Ғалымдардың сөзінше, зілзаладан оңтүстікамерикалық елдің барлық аумағында үйлер жермен-жексен болып қана қоймай, өте көп адам қырылса керек.
АҚШ-тың Геологиялық бақылау қызметінің дерегінше, бірінші дүмпудің қуаты 7,2 екіншісі 7,5 баллға жеткен. Қазір тас-талқаны шыққан аудандарда іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Қираған нысандардың ішінде елдің басты авиациялық порты – Симон Боливар атындағы халықаралық әуежай да бар.
Әзірге үш адамның мерт болғаны хабарланды. Болжамдарға қарағанда, құрбандардың саны 10 мың мен 100 мың арасында болуы мүмкін.
«Ассоушиэйтед пресс» агенттігі хабарлағандай, Венесуэлаға әзірге АҚШ, Чили, Сальвадор тәрізді бірнеше ел көмек ұсынып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы