Ұлттық арна «Walt Disney Pictures» ұсынған «Күлшеқыз» фильмін көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна «Walt Disney Pictures» ұсынған «Күлшеқыз» фильмін көрсетеді

21.02.2015
Ұлттық арна «Walt Disney Pictures» ұсынған «Күлшеқыз» фильмін көрсетеді

Жақында Ұлттық арна «Walt Disney Pictures» компаниясының  ғажайыпқа толы «Күлшеқыз» анимациялық  фильмін экранға шығармақ.

Толықметражды фильм синхронды дубляжбен қазақ тілінде жасалған. 

«Күлшеқыз» мультфильмі - 1950 жылы жарыққа шыққан. Туынды француздық жазушы  Шарль Перроның ертегісінің желісі бойынша түсірілген. Бұл  ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін шығарылған  алғашқы мультфильм.

Фильм анасынан ерте айырылған Күлшеқыз туралы. Тағдырдың талай сынына төтеп берген өжет қыз бақытты бола ала ма? Ал, танымал фильмнің қазақ тіліндегі нұсқасы көрермен көңілін жаулайды ма?

Бұл туралы таяуда Ұлттық телеарнадан көресіздер.

Хабарламаларға жазылу