Нұр-Сұлтанда «Walt Disney» ұсынған анимациялық фильмнің алғашқы көрсетілімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда «Walt Disney» ұсынған анимациялық фильмнің алғашқы көрсетілімі өтті

25.11.2021

Елордада «Walt Disney Pictures» студиясы ұсынған «Энканто» анимациялық фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті. Бұл – «Болашақ» қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен қазақ тілінде дубляждалып отырған 38-кинокартина. 10 жыл бойы балалар үшін ана тілімізде сапалы контент ұсынып келген жоба жетекшілері алдағы уақытта анимациялық фильмдердің үлесін көбейтуге ниетті.

Осы шараға арнайы қатысқан «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек шетел фильмдерін қазақ тілінде сөйлету бірден бір тың бастама және мемлекет тарапынан қолдау табады деді. Ал ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұсынылған «Энканто» кинокартинасы бүгіннен бастап қазақ және орыс тілдерінде барлық кинотетарларда көрсетіледі.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары:

«Өзіңнен баста! Қазақша сөйле!» деген жобаны бастадық. Елбасы бізді қолдады. 10 жылдың ішінде 38 жоба жасаппыз. Шын мәнінде дүниежүзінде бір ғана Қазақстанда жеке бастамамен қаражат табылып, мемлекеттік тіл дүниежүзілік дәрежеге өсті. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз дубляж мәселесін қазақ тілінде фильмдерді, мультфильмдерді шығаару үшін осындай дүниежүзілік стандарттарға сай жасауға мүмкіндігіміз бар.


Хабарламаларға жазылу