«Балапан» телеарнасы «Ақшақар мен жеті ергежейлі» мультфильмінің тұсауын кесті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасы «Ақшақар мен жеті ергежейлі» мультфильмінің тұсауын кесті (ФОТО)

22.09.2015
«Балапан» телеарнасы «Ақшақар мен жеті ергежейлі» мультфильмінің тұсауын кесті (ФОТО)

«Балапан» телеарнасы Астанадағы «Қазмедиа» орталығының үлкен залында «Walt Disney Pictures» компаниясы ұсынған «Ақшақар мен жеті ергежейлі» мультфильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесерін ұйымдастырды. Жиынға телеарнаның кішкентай көрермендері қатысуда.  

Шара барысында балалар ән шырқап, би биледі. Қызықты ойынға қатысып, «Балапан» телеарнасының жүргізушілерімен суретке түсті. Сондай-ақ, ғажайыпқа толы мультфильмді тамашалады.

«Бұл туынды - 5 жылдық мерейтойымызға орай бүлдіршіндерге арналған сыйлығымыз», - деді шара барысында сөз сөйлеген телеарна директоры Ләйлә Сұлтанқызы.

Көрсетілімнен кейін шараға қатысқан бүлдіршіндерге тәттілер мен сыйлықтар үлестіріледі.

Айта кетейік, «Балапан»  телеарнасы биыл 5 жылдығын атап өтеді. Телеарна «Қазақстан»РТРК» АҚ құрамында 2010 жылдың 27 қыркүйегінде ашылған.

Хабарламаларға жазылу