Ғажайыпқа толы «Күлшеқыз» мультфильмін кімдер дыбыстады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғажайыпқа толы «Күлшеқыз» мультфильмін кімдер дыбыстады?

08.03.2015
Ғажайыпқа толы «Күлшеқыз» мультфильмін кімдер дыбыстады?

 «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы  8 наурыз күні  «Walt Disney Pictures» компаниясы ұсынған «Күлшеқыз» мультфильмінің қазақ тіліндегі нұсқасын көрермендер назарына ұсынбақ. 

Миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулаған туындыны қазақ тіліне дубляждаған шығармашылық топтың қатарында:

 Айнұр Бермұхамбетова (Күлшеқыз) - Астана қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы  Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы, әнші

Данияр Сванқұлов (Ханзада) - Астана қаласы  әкімдігінің  «Қуыршақ театры» МКҚК актері

Гүлжан Әбдібаева (өгей шеше) - Астана қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы

Гүлнар Рысбай (Дризелла) - дубляж актрисасы

Айман Есен (Анастасия) - Астана қаласы,  Жастар театрының актрисасы

Ләйлә Ханинга  (қайырымды пері) - Астана қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы

Бекен Кемалданов (король) - дубляж актері

Нұркен Өтеуілов (герцог) - Астана қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері, әнші

Жандаулет Батаев (Джак (тышқан) - Астана қаласы, Жастар театрының актері

Ислам Зейнуллаев (Гас (тышқан) - дубляж актері

Олжас Жақыпбек  (жаршы) - Меруерт Ермекбаева - тышқан қыз

дубляж актрисасы

Майра Омар (әңгімелеуші) - Астана қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы бар.

Айта кетейік,  мультфильмде мейірімді Күлшеқыздың бастан кешкен хикаясы баяндалады.  Жетім қызды  өгей шешесі мен оның қыңыр мінезді қыздары таң атқаннан кеш батқанға дейін ауыр жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Ал, Күлшеқыз патша сарайындағы сауық кешіне қатысқысы келеді...

«Күлшеқыз» мультфильмін 8 наурыз күні сағат 16:45-те Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу