«Таңшолпан». 23 қыркүйекте Ұлттық арнадан «Мейірімді динозавр» мультфильмі көрсетіледі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». 23 қыркүйекте Ұлттық арнадан «Мейірімді динозавр» мультфильмі көрсетіледі (ВИДЕО)

22.09.2017

23 қыркүйек күні Ұлттық арна кішкентай көрермендерге «Walt Disney» студиясы ұсынған «Мейірімді динозавр» анимациялық фильмін ұсынады.

Осыған орай Ұлттық арнаның режиссерлері Асылхан Манапов, Арман Ертұрғанов пен жас актер Сабыржан Нәрік бүгін таңғы бағдарлама қонағы болды.

Мультфильмді қазақша дыбыстап, өңдеген мамандар жұмыс барысы, қызықты жайттары туралы айтып берді.

«Жалпы дыбыстау жұмыстарына бас-аяғы  1,5 ай уақыт кетті. Алдымен «Walt Disney» студиясы проба жіберді. Біз кастинг жариялап, іріктеуден өткен 13 баланың тізімін жібердік. Сол көп баланың ішінен Сабыржан топ жарды. Басты талап – эмоция.

Біз  мультфильмнің әрбір секундын қарап шығамыз.  Актер мультфильмді дыбыстау үшін кейіпкердің мінез-құлқын келтіре алуы керек. Бұл үлкен жұмыс, сол үшін баланың да, ата-ананың да жауапкершілігі болуы керек», - дейді Асылхан Манапов.

«Ең алдымен менің бойымдағы талантты мектеп директоры байқап, байқауға жіберді. Бұл мультфильмде  динозаврды дыбыстадым. Маған ұнады. Өскенде актер боламын», - дейді жас актер Сабыржан Нәрік.

Хабарламаларға жазылу