Шәкен Аймановтың киносы несімен құнды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шәкен Аймановтың киносы несімен құнды?

16.02.2015
Шәкен Аймановтың киносы несімен құнды?

Қазақ киносының зор жылдамдықпен әрі сапалы деңгейде дамуына өлшеусіз үлес қосқан төрт биік бар. Олар – Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Абдолла Қарсақбаев және Сұлтан Қожықов. Төрт биіктің қолынан шыққан әрбір кинотуынды саф алтындай құнды.

«15 жылда 10 фильм түсірдім. Өзімді әлі толыққанды кинорежиссермын деп айта алмаймын»,-деген екен Шәкен Айманов бір сөзінде.

1968 жылы жарыққа шыққан «Тақиялы періште» фильмінен 60-шы жылдардағы Алматы қаласын, сол замандағы жастардың болмысын көруге болады. Әйгілі әнші Ермек Серкебаевтың орындауындағы бірқатар әндер картинада шебер үйлесім тапқан.

Фильмдегі Әмина Өмірзақова, Бикен Римова, Бибігүл Төлегенова сынды қазақ өнерінің майталмандары сомдаған  кейіпкерлер  әлі күнге көрерменнің сүйікті кейіпкерлері қатарында.

«Біздің сүйікті дәрігер», «Ән қанатында» комедия жанрын әр қырынан көрсете білсе, екі бөлімді «Атаманның ақыры» детектив жанрында түсірілген тұңғыш қазақ фильмі. Ал, Алдар Көсе рөлі режиссердің өзінің орындауында халықпен қайта қауышты.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу