Трансұлттық корпорациялар Қазақстандағы қызметін кеңейтеді

Ірі трансұлттық корпорациялар Қазақстан нарығын белсенді түрде игере бастады. Бизнес жасауға қолайлы жағдайдың туғызылуы және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мол мүмкіндіктер әлемдік алпауыттардың алдынан орасан зор көкжиектер ашуда.
Биыл трансұлттық корпорациялардың қатысуымен 5 кәсіпорын іске қосылды. Олар химия, машина жасау, мұнай өндіру мен өңдеу саласында ашылған болатын. Бүгінде қайта инвестициялау кезеңінде 30 компания тұр. Олардың алтауы қазірдің өзінде жобаларын іске қосып үлгерді. Олар: Danone, Lotte Group, АВЗ, BTM, Galaksi, Coca-Cola.
2015 жылы Қазақстанда «СарыаркаАвтоПром» кәсіпорынының базасында «JAC» жеңіл көліктерін өндіру қолға алынған болатын. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін 700 ден астам жеңіл көлік өндіріледі. Сонымен қатар, америкалық «Gevo» дизельді қозғалтқыштарын жасайтын зауыт та ашылды. Жоба құны 60 млн долларды құрайды. Ал, зауыт жылына 400 дана мотор жасап шығармақ.
Біздің нарықта әлемнің ірі компанияларының қызмет көрсетуі–инвесторлардың елімізге деген сенімі. Жобалардың ең басты ерекшелігі– олардың барлығының шикізаттық емес секторда болуында.
Kaznews.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18