Қазақтан шыққан тұңғыш генерал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтан шыққан тұңғыш генерал

12.02.2015
Қазақтан шыққан тұңғыш генерал

Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Шәкір Жексенбаев Жеңіс күнін жақындатқандардың бірі. Соғыс басталған алғашқы күннен-ақ, ол майдан даласына аттанады.

Шәкір Жексенбаевтың тікелей араласуымен майданда бірінші болып, жау танктерін қирату үшін жанармайдың түрлі қосындысы толтырылған шөлмек пайдаланыла бастады. 1941 жылдың күзгі үш айында осы өртегіш шөлмекті пайдаланып, Брянск майданының 13 әскері жаудың 55 танкін, 17 бронемашинасын, 31 қорғаныс орындарын талқандайды.

Соғыста көрсеткен ерліктері үшін 1943 жылдың қазан айында Шәкір Жексенбаевқа генерал-майор атағы беріледі. Ол төрт  рет «Қызыл Ту» орденімен, «Қызыл жұлдыз», Ленин ордені, бірінші, II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 

Шәкір Жексенбаев туралы толығырақ бүгін 20.00-де «Жарқын бейне» хабарынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу