Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
Сонымен тбиыл 15 наурызда қабылданған Конституция бойынша өмір сүруімізге 1 айға жетпейтін уақыт қалды. Ал ережелерін жүзеге асыратын конституциялық заңдарға Президент жұмада қол қойды.
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заң. Онда Президенттің құқықтық мәртебесі, өкілеттіктері мен қызметі, сондай-ақ Вице-Президенттің құқықтық мәртебесін қамтамасыз ету тәртібі айқындалған.
Басты жаңалық та сол – Вице-Президент институтының құрылуы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Вице-Президент мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында оның мүдделерін білдіреді және Президент айқындаған міндеттерді орындайды, деп жазылған.
2. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заң. Енді парламент бір палаталы. 145 депутаттан тұратын, өкілеттік мерзімі – 5 жыл, Құрылтай – заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган.
Құрылтайды мемлекеттік тілді жетік меңгерген депутаттар арасынан жасырын дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен сайланатын Төраға басқарады.
Биыл саяси науқан жазда басталғалы тұр. Тіпті ол үзіліссіз дейміз бе, демалыссыз дейміз бе, циклге айналды деген дәлірек шығар...
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25