Головкин Тайсоннан артық па? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин Тайсоннан артық па?

08.02.2015
Головкин Тайсоннан артық па?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес Майк Тайсонға қарағанда, Головкиннің бәрін есептеп, біліп тұратын қасиетімен ерекшеленетінін атап өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат GGG-нің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі  ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

«Майк бірінші секундтан-ақ, қарсыласын сұлатып салғысы келетін боксшы болды. Мүмкін, олардың күші ұқсас шығар. Бірақ, Геннадий ондай типтегі спортшы деп ойламаймын. Ол сізді көрген кезде бәрін сезініп, есептеп тұрады. Иә, екі боксшының да нокаут күші бірдей болар, бірақ, олар әр түрлі мәнер қалыптастырған», - деді жаттықтырушы. 

Хабарламаларға жазылу