Головкин – Гил жекпе-жегі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин – Гил жекпе-жегі басталды

27.07.2014
Головкин – Гил жекпе-жегі басталды

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы  атақты Madison Square Garden аренасында бокс жанкүйерлері асыға күткен жекпе-жек басталды. Шаршы алаңға кәсіпқой бокстан WBA (Super) және ІBO тұжырым бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен әлемнің экс-чемпионы, австралиялық Дэниэл Гил көтерілді.

Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы 30-шы жекпе-жегі. Головкин бұған дейін өткізген 29 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, оның 26-ын мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал бір жекпе-жек артық өткізген Дэниэл Гил екі рет жеңіліске ұшыраған.

Екі боксшыға бүгінгі кездесуі үшін берілетін гонорар көлемі де белгілі. Геннадий Головкин 750 000 АҚШ долларына, ал Дэниэл Гил 600 000 АҚШ долларына ие болады.

Айта кетейік, Нью-Йоркте өтіп жатқан бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.

 

Хабарламаларға жазылу