Головкин-Джейкобс жекпе-жегіндегі соққылар саны нақтыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин-Джейкобс жекпе-жегіндегі соққылар саны нақтыланды

24.03.2017

Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегіндегі нақты соққылар саны анықталды. Жалпы есебі - 171:98. Яғни, Головкин қарсыласына қарағанда екі есеге жуық соққы артық жұмсаған. Қайтарылған және тимеген соққылар есепке алынбаған.

Ал шетелдік сарапшылар Геннадий Головкинді «Бокс королі» деп атады. Америкалық ESPN.com спорт сайты барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың ішінде  әлем үздіктерінің рейтингін жариялады.

Тізімде бірінші орынды орта салмақ бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин алып тұр. Үштікке америкалық Андре Уорд пен украиналық Василий Ломаченко енген.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу