Қазақ тарихын бейнелеген фильмдер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тарихын бейнелеген фильмдер

06.02.2015
Қазақ тарихын бейнелеген фильмдер

1991 жылы Мұхтар Шахановтың поэмасы желісінде режиссер Ардақ Әмірқұлов түсірген «Отырардың күйреуі» фильмі экрандалды.

«Отырардың күйреуі» фильмі – қазақтың қайта өрлеу дәуірін көрсететін бірден-бір тарихи картина. Басты рөлді, яғни Қайыр ханды – Тұңғышбай Жаманқұлов сомдаған еді. Осы туындысы үшін режиссер ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Ал, «Батыр Баян» фильмі 1993 жылы түсірілді. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батыр Баянның образын актер Жұмақан Әбдіқадыров шынайы шеткізді.

 «Қазақфильмнің» тарихи тақырыптағы елдің руһын көтеретін ең үздік туындылары соңғы жылдары кеңінен танытуда. Заманауи кинотехникамен түсірілген «Көшпенділер» мен «Жаужүрек мың бала» кинотуындылары әлемдік аренаға шықты.

Хабарламаларға жазылу