Астанада «Ғасырлардың алтын өрнегі» атты көрме өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Ғасырлардың алтын өрнегі» атты көрме өтеді

02.02.2015
Астанада «Ғасырлардың алтын өрнегі» атты көрме өтеді

4 ақпан күні Астанада Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Айжан Әбдубаиттың  Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ғасырлардың алтын өрнегі» атты көрмесі өтеді. Шығармашыл жастардың XV республикалық «Жігер» фестивалі сыйлығының, Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының ұлттық «Ажар» сыйлығының иегері бүгін «Таңшолпанға» арнайы келді.

«Мұны халық алдындағы есеп беру көрмесі деуге болады. Зер төгу деген қасиетті өнерді жаңғырту үстінде жұмыс істеудемін. Хан-сұлтандарымыздың, текті би, ханшаларымыздың киімін жаңғыртқан суреткермін.  Сол киім үлгілерін осы көрмеде халық назарына ұсынбақпын»,-дейді суретші.

«Адамның бойындағы ең асылы – зердесі ғой. Қазақта «зердеңе тоқып ал», «зер салып, тыңда» деген сөз бар. Осыдан-ақ бұл өнердің  текті өнер екенін білуге болады.  Бір бұйымды жасауға 3-4 ай кетсе, енді біріне үш жыл уақыт кетеді»,-дейді Айжан Әбдубаит.

«Әмір Темір  заманынан сақталып қалған Ахмет Яссауидің қабір жапқышының жұрнақтарын екі жылдан бері зерттеп, үлкен кілемнің бейнесін  қалпына келтірдік. Мұндай дүниелердің көрмеге ұсынылуы тағы бір ерекшелік».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу