Ақтөбеде Отырар қазынасының көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде Отырар қазынасының көрмесі ашылды

29.03.2014
Ақтөбеде Отырар қазынасының көрмесі ашылды
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Отырар мемлекеттік археологиялық мұражайы ұйымдастырған «Отырар тарихының ізімен» атты көшпелі көрме ашылды.
 
Көрмеде біздің дәуірге дейінгі I - XVIII ғасырлардағы Отырар қазбаларынан табылған бағалы жәдігерлер көрсетілді.
 
Оның ішінде үй әбзелдері, қапталған кірпіштер, зергерлік бұйымдар, күміс және жез сауыттар, алтын, күміс, жез тиындар, XIX-XX ғасырлардың этнографиялық жәдігерлері, шебер-зергердің аспаптары, бірқатар көне кітаптар бар.
 
Көрменің негізгі мақсаты екі өңірдің мәдени мекемелері арасындағы өзара қатынасты нығайту.
 
Көрме сәуірдің аяғына дейін жалғасады.

Хабарламаларға жазылу