«ЭКСПО-2017» аясында 647 шара ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» аясында 647 шара ұйымдастырылады

04.05.2017

Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында 647 мәдени шара ұйымдастырылады. Оның 70%-ы  ашық аспан астында, яғни тегін өтеді. Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Мажағұлов журналистерге көрме аясында өтетін шаралар жөнінде баяндап берді. Оның айтуынша, халықаралық шараның ашылу мен жабылу салтанаты шаһардың үш бөлігінде арнайы лэд экрандар арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. Сондықтан, маңызды шарадан ешкім де қалыс қалмайды. Ал, қала іргесіндегі тұрғындардың мерекелік көңіл-күйін қамтамасыз ету үшін, ауылдарда әр жексенбі сайын «Думанды Қазақстан» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Сондай-ақ, көрме қарсаңында «МузАрт» ансамблі мен Секен Тұрысбеков тәрізді өнер майталмандарының жеке кештерін өткізу жоспарда бар.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу