Астанада «Уақыт қайдан келеді» атты көрме өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Уақыт қайдан келеді» атты көрме өтеді

10.10.2014
Астанада «Уақыт қайдан келеді» атты көрме өтеді

Астанада 10-20 қазан аралығында «Уақыт қайдан келеді» көрмесі өтеді. Бұл туралы «Бәйтерек» медиа орталығы хабарлайды.

Көрмеде экватор бойымен Жер шары мен Солтүстік және Оңтүстік полюстердегі экспедицияда түсірілген жүз шақты фотосурет көпшілікке ұсынылады.

2008 жылы алғаш рет Санк- Петербургте ұйымдастырылған бұл көрме әлемде көптеген мемлекеттерде қойылды.  

Айта кету керек, көрме 2009 жылы  Торонтода (Канада), 2010 жылдың қараша айында Кубадағы Колумбтың Американы ашқан күніне орайластырылған фестиваль бағдарламасында өтті. 2011 жылдың қыркүйек айында Люксембургтегі Еуроодақтың Еуропалық комиссиясында көпшілік назарына ұсынылды, деп жазады strategy2050.kz сайты. 

Сурет: mg.uz 

Хабарламаларға жазылу