Астанада Конституция күніне арналған шаралар ертеңнен басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Конституция күніне арналған шаралар ертеңнен басталады

28.08.2014
Астанада Конституция күніне арналған шаралар ертеңнен басталады

Конституция  мерекесіне орай, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін үш күн бойы мерекелік шаралар ұйымдастырылады.  

29 тамыз, сағат 16.00-де  «Конгресс-Холл» сарайында  қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Концертті тамашалауға Астанада тұратын 100 зейнеткер шақырылды.

Сондай-ақ, 29-тамыз, сағат 16.00-де  Бейбітшілік және келісім сарайында «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры әртістерінің қатысуымен мерекелік шара ұйымдастырылады.

30 тамыз, сағат 10.00-де  орталық алаңда  мерекелік концерт өтеді. Шараға қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады.

Конституция күнін мерекелеуге жас астаналықтар да үлес қоспақшы. Олар Отан қорғаушылар алаңында өтетін сурет байқауына қатысады.

Сондай-ақ, 29 тамызда қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде «Ата заңым ардақты» салтанатты шарасы өткізіледі.

Ал, 30 тамызда аталмыш мекемеде «Наз» би театрының әртістері өнер көрсетеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Хабарламаларға жазылу