Қазақстан-Беларусь өнерпаздарының қатысуымен концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Беларусь өнерпаздарының қатысуымен концерт өтті

11.04.2014
Қазақстан-Беларусь өнерпаздарының қатысуымен концерт өтті
Елімізде Беларусь Республикасының мәдениет күндері өтуде. Шара аясында Астанада салтанатты концерт пен көрме ұйымдастырылды.
 
Индира Бегайдар,тілші:
 Бүгін Беларусь Республикасының көркемөнерпаздары Астанада концерттік бағдарламасын ұсынды. Онда «Песняры», «Хорошки» мемлекеттік ансамбльдері, Беларусьтің халық әртістері - Александр Тихонович, Александр Кремко өнер көрсетті. Беларусь телеграф агенттігі  фотокөрме ұсынды. Ынтымақты, ырысты, ел бірлігін, халықтар теңдігін ту еткен мемлекетіміз әрі қарай да мәдени байланысты бекіте түсуді басты мақсат етіп отыр.
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу