Татарстан Республикасының вице-премьері Василь Шайхразиев «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясын тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Татарстан Республикасының вице-премьері Василь Шайхразиев «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясын тамашалады

08.09.2017

Қазақ-татар әртістері бір сахнада өнер көрсете алады. Бұл туралы Татарстан Республикасының вице-премьері Василь Шайхразиев айтты. Ол – «ЭКСПО» аясында Астанада өтіп жатқан Қарағанды облысының күндеріне қатысып, театрға да келді.

Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық драма театр ұжымы дайындап әкелген «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясын тамашалады. Діні бір, тілі бір бауырлас елдер үшін өнер саласындағы әріптестік өте маңызды. Сол себепті алдағы уақытта қазақ-татар әртістерінің бірлесіп дайындаған қойылымдарын Астана мен Қазан қаласында көрсетуге болады.  

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу