Мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Жырлайды жүрек» байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Жырлайды жүрек» байқауы басталды

27.01.2015
Мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Жырлайды жүрек» байқауы басталды

Байқаудың ұйымдастырушысы -  «Ғұмырдария» балалар мен жастар орталығының жетекшісі Айман Тоқтарбекқызының айтуынша, оған еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден аса мектеп оқушысы қатыспақ.

Олар төрт аталым бойынша үш топқа (кіші топ - 6-9 жас, орта топ - 10-13 жас және жоғары топ - 14-17 жас аралығы) бөлінген.  

Әр топ бойынша бас жүлде және бірінші, екінші, үшінші орындар белгіленген.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтармен қатар, Мұқағали ақынның жыр жинақтары, суреттері сыйға тартылады.

Байқау 30-қаңтарға дейін жалғасады.

Хабарламаларға жазылу