Көкшетауда мектеп оқушылары арасында «Зерде» байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда мектеп оқушылары арасында «Зерде» байқауы өтті

03.02.2015
Көкшетауда мектеп оқушылары арасында «Зерде» байқауы өтті

Көкшетаудағы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы мектеп оқушылары арасында «Зерде» байқауын ұйымдастырды.

Шара 28-30 қаңтар аралығында өткізілді.

X республикалық байқаудан Алматы қаласындағы №173 мектеп-лицейінің оқушылары жүлделі оралды.

Зияткер ұрпақ қалыптастыру мақсатында өткізілген сайысқа елдің  барлық аймағынан  358 оқушы қатысқан.

Бүгін мектеп ұжымы жүлделі оралған оқушыларды құттықтап, арнайы дипломдар табыстады. 

 

Айбек МОЛДАСАН

Хабарламаларға жазылу