Елордалық оқушылар арасында «Ғасырдан ғасырға» зияткерлік байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық оқушылар арасында «Ғасырдан ғасырға» зияткерлік байқауы өтеді

31.01.2016
Елордалық оқушылар арасында «Ғасырдан ғасырға» зияткерлік байқауы өтеді

26 ақпанда Астанада «Ғасырдан ғасырға» қалалық зияткерлік байқауы өтеді. Оған сегіз мектеп командасы қатысады.

Байқаудың іріктеу кезеңі 23 қаңтарда өтті. Бұл кезеңде тестке Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті мен өнерінен сұрақтар енді.

Тестілеуге 157 оқушы қатысты. Ең көп балл жинаған оқушылар  қалалық байқауда білім жарыстыратын болады.

Интеллектуалдық конкурс барысында № 3 мектеп гимназиясының, №40 орта мектептің, № 48, №54, №64, №73, №76 мектеп-лицейлерінің және № 78 мектеп-гимназиясының оқушылары сайысқа түседі.

Биыл қалалық байқаудың кезеңдері Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығына арналмақ, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, байқау елордада бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгінде бұл оқушылар арасындағы кеңінен танымал шығармашылық байқау саналады.

Хабарламаларға жазылу