Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейінде Олимпиадалық спорт күні өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейінде Олимпиадалық спорт күні өтеді

25.02.2016
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейінде Олимпиадалық спорт күні өтеді

Іс-шараның басты қонақтарының қатарында Қ.Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының оқушылары, «SOS Детская деревня Астана» тәрбиеленушілері және №3 мектеп-гимназиясының оқушылары болады.

Шара барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшылығымен кездесу өтеді. Сондай-ақ, Қ.Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының оқушылары, «SOS Детская деревня Астана» тәрбиеленушілері және №3 мектеп-гимназиясы оқушыларының 1996 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченкомен кездесуі өтеді.

Жас қонақтар «Қазақстанның спорт даңқы» залына жасалатын экскурсия барысында Мемлекет басшысына және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейіне сыйға тартылған түрлі жарыстардан жеңіп алынған құнды спорттық жүлделерді көре алады. 

Хабарламаларға жазылу