«Сенбілік таң» бағдарламасы – зергер Берік Әлібайдың шаңырағында
Берік Әлібай – қазақ қолөнерінің өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп келе жатқан хас шебер. Төл өнерді жетік меңгерген өнер майталманы.
Бала күнінен ұлттық өнерге бейімделген Берік Әлібай Алматы қаласындағы көркем-сурет училищесін және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын тәмамдаған.
Жасынан халық өнерімен сусындаған шебер қолөнер мәдениетін, дәстүрлі қолөнерін жинап, атадан балаға мирас етіп келеді. Берік Әлібай бүгінде ұлттық өнерді ел аумағында ғана емес, сондай-ақ, ҚХР, Сауд Арабиясы, Жапония, Иран, Ресей, Катар, Түркия сынды алыс-жақын шетелдерде насихаттап жүр.
Ертең «Сенбілік таң» бағдарламасы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, суретші-зергер Берік Әлібайдың отбасымен сұхбат құрады. Ұлттық арнадан сағат 09.00-де көріңіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Трамп бастамашы болған суперинтеллект туралы келісімге қолдау білдірді – сарапшылар пікірі
02.10.2026, 14:09
Бізге дайын өнім мен жаңа технология жасай алатын білікті мамандар қажет - Тоқаев
02.10.2026, 13:39
Астанада Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр
02.10.2026, 12:34
Президент: Трамптың суперинтеллект туралы келісімі жаһандық үлгі болуы мүмкін
02.10.2026, 11:20
Шетелдік басылым Қазақстанның соңғы жылдардағы өзгерісіне назар аударды
02.10.2026, 09:10
Трамп бастамасымен жасалған суперинтеллект туралы келісім жаһандық деңгейде үлгі болуы мүмкін — Тоқаев
02.10.2026, 08:36
Азиада: Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр
01.10.2026, 20:30
Спортшылар Азия ойындарынан жүлдемен оралды
01.10.2026, 20:30