Australian Open. Зарина Диас пен Мария Шарапова үшінші айналымда кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Australian Open. Зарина Диас пен Мария Шарапова үшінші айналымда кездеседі

21.01.2015
Australian Open. Зарина Диас пен Мария Шарапова үшінші айналымда кездеседі

Мельбурнде өтіп жатқан Австралия ашық біріншілігінің екінші айналымында қазақстандық теннисші Зарина Диас Словакия өкілі Анна-Каролина Шмидлованы ұтты. Есеп - 3:6, 6:2, 8:6.

Зарина Диастың үшінші айналымдағы қарсыласы – ресейлік Мария Шарапова.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова да үшінші кезеңге шықты. Ол бүгін Пуэрто-Рика өкілі Моника Пуигтен басым түсті. Есеп - 6:2, 7:6. Келесі қарсыласы - қытай қызы Пенг Шуай.

Хабарламаларға жазылу