Зарина Диас «Күннің үздік спортшы аруы» атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас «Күннің үздік спортшы аруы» атанды

17.01.2014
Зарина Диас «Күннің үздік спортшы аруы» атанды
Австралия ашық біріншілігінде спорттағы жарыс жолында алғаш рет үшінші айналымға өткен қазақстандық теннисші Зарина Диас Sport.ru порталының  «Күннің  үздік спортшы аруы» деп жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.
 
Бұл - 20 жастағы спортшы үшін  турнирдегі сенсациялық жағдай. Қазір ол жарыстың 1/16 финалында.
 
Айта кетейік, «Australian Open» жарысының алғашқы айналымында Зарина  чехиялық спортшы Катерина Синякованы ұтса, екінші айналымда жаңазеландиялық теннисші Марина Эраковичтан басым түсті.
 
Ертең, яғни, 18 қаңтарда Зарина Диас әлемнің 11-ші ракеткасы румыниялық Симона Халеппен бақ сынасады.

Хабарламаларға жазылу