Зарина Диас US Open турнирінің жұптық бәсекесінде ширек финалға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас US Open турнирінің жұптық бәсекесінде ширек финалға жолдама алды

01.09.2014
Зарина Диас US Open  турнирінің жұптық бәсекесінде ширек финалға жолдама алды

Қазақстандық теннисші Зарина Диас АҚШ ашық чемпионаты US Open турнирінің жұптық бәсекесінде ширек финалға шықты.

Үшінші айналымда 20 жастағы Зарина Диас пен қытайлық И Фань Сюй жұбы Люси Храдечку (Чехия) пен Михаэллу Крайчекті (Нидерланд) екі сетте – 7:6 (7:3) 6:2 есебімен ұтты.

Енді, Зарина Диас пен И Фань Сюй жұбы ширек финалда Сания Мирза (Үндістан)/Кара Блэк (Зимбабве) - Елена Янкович (Сербия)/Клара Коукалова (Чехия) жұптарының жеңімпаздарымен күш сынасады.

Естеріңізге сала кетейік, Зарина Диас жекелей бәсекенің үшінші айналымында ресейлік Екатерина Макаровадан екі сетте – 2:6, 4:6 есебімен ұтылып қалған еді.

Хабарламаларға жазылу