АРВ чемпиондық белбеуі Астанаға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АРВ чемпиондық белбеуі Астанаға жеткізілді

19.01.2015
АРВ чемпиондық белбеуі Астанаға жеткізілді

Бұл белбеуді 30 қаңтар күні Астанада өтетін финалдық жекпе-жектің жеңімпазына тарту етеді.

Белбеу қара теріден жасалынған, ортасында «APB champion» деген жазуы бар. Көп бұрышты пішінде алтындатылған  бойтұмар  бейнеленген.

Сонымен қатар, белбеуде «APB», «AIBA Pro Boxing», «60 kg» деген жазулар бар. Оның салмағы - 2 келі 680 грамм.

Еске сала кетейік, 60 келі салмақ дәрежесіндегі финалда Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жолдамасы мен чемпиондық атақ үшін жекпе-жекте қазақстандық Берік Әбдірахманов пен Өзбекстан өкілі Хуршид Тожибаев жұдырықтасады.  Олар бұған дейін өткізілген сайыстардың барлығында жеңіске жеткен. 

Сонымен қатар, бұл күні бұл салмақтағы өзге де боксшылардың жекпе-жектері өтеді: Артур Бриль (Германия) – Доменико Валентино (Италия), Робсон Консейсао (Бразилия) – Чарли Суарез (Филиппин), Дэвид Джойс (Ирландия) – Дмитрий Полянский (Ресей).

Финал 30 қаңтар күні сағат 20:00-де Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.

Хабарламаларға жазылу