Жәнібек Әлімханұлы тағы екі титулға таласуы мүмкін
Жәнібек Әлімханұлы келесі жылы орта салмақтағы тағы екі чемпиондық белбеуге таласуы мүмкін. Әлем чемпионының қоржынында қазір кәсіпқой бокстан WBO және IBF нұсқалары бойынша чемпиондық атақ бар. Ұлттық арнаға сұхбат берген спортшының сөзінше, промоутерлік компаниялар қарсыластырымен келіссөз жүргізіп жатыр. Қазір WBC чемпиондық белбеуі америкалық Джермалл Чарлода болса, WBA титулы Эрисладни Лараның еншісінде.
Жәнібек Әлімханұлы, WBO ЖӘНЕ IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы:
Қарсыластар қазір Ларо мен Чарлоға ұсыныс жасалды. Келіссөздер жүргізіліп жатыр. Және біздің титулдардың қорғауы бар. Сол жағынан да бір-екі қарсыластар шығады. Соның бәрін промоутерлік компаниямен, менеджермен келісе отырып, бір чемпион қарсыласты таңдап, соны ұрамыз Құдай қаласа.
Спортшы жаттығуды бастау үшін қаңтар айында АҚШ-қа аттанады. Жекпе-жек наурыз айының аяғында немесе сәуірдің басында болуы мүмкін. Боксшының сөзінше, шетелдік компаниямен келісім шартқа сәйкес, ешбір телеарнаға шығуына болмайды екен. Десе де, Жәнібек Америкаға аттанар алдында Ұлттық арнаға сұхбат беріп, жоспарларымен бөлісті. «Qazaq style» атымен танымал кәсіпқой боксшыға күйші Ермек Қазмұхамбетов авторлық «Ер Жәнібек» күйін арнап, сәттілік тіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05