Боксшы Берік Әбдірахманов Олимпиадаға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боксшы Берік Әбдірахманов Олимпиадаға жолдама алды

31.01.2015
Боксшы Берік Әбдірахманов Олимпиадаға жолдама алды

Қазақстандық боксшы Берік Әбдірахманов 2016 жылы Рио Де Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына берілетін жолдама мен АРВ турнирінің чемпиондық белдігіне ие болды. Астанада өткен AIBA Pro Boxing додасының 60 келіге дейінгі салмақта Берік Әбдірахманов өзбек спортшысы Хуршид Тожибаевпен кездесті. Қарсыласын айқын басымдықпен жеңім, қазақстандық спортшылардың арасынан Олимпидаға алғашқы жолдама ұтқан әзірше жалғыз спортшы. Айта кетейік, Берік Әбдірахманов 2013 жылғы Азия чемпионы,  2014 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері. 

Хабарламаларға жазылу