Қанат Исламның Патрик Аллотейге қарсы жекпе-жегін тікелей эфирде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалаңыздар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Исламның Патрик Аллотейге қарсы жекпе-жегін тікелей эфирде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалаңыздар

18.10.2016
Қанат Исламның Патрик Аллотейге қарсы жекпе-жегін тікелей эфирде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалаңыздар

29 қазанда Алматыда көптен күткен бокс кеші өтеді. Кәсіпқой рингтегі барлық 21 кездесуінде жеңіске жетіп, 19-ын нокаутпен ұтқан отандасымыз Қанат Ислам ганалық «Улы жебе» Патрик Аллотейге қарсы жекпе-жек өткізеді. Қазақстандық боксшы «WBA Fedelatin» белбеуін қорғап, жартылай орта салмақта WBO InterContinental тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін таласады.

Бұл бокс кешінде Рио Олимпиадасына қатысқан бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізбек.

«Алматы Арена» сарайында өтетін бокс кешін тікелей эфирде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалаңыздар. Трансляцияның басталуы 17:50-де. Сондай-ақ, kaztrk.kz  сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Қолдау көрсетейік!

Хабарламаларға жазылу