Қазақстандықтар көлікті сенімхатсыз басқаратын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар көлікті сенімхатсыз басқаратын болды

05.01.2015
Қазақстандықтар көлікті сенімхатсыз басқаратын болды

Қазақстандық жүргізушілер көлікті сенімхатсыз басқаратын болды.   Бұл туралы Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, енді автокөлікті сақтандыру полисіне аты-жөні жазылған тұлғалар ғана басқаруға құқылы.

Айта кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енді. Осы орайда жол жүру заңына да өзгерiстер енгiзiлдi. Бұл заңнамаға сәйкес көлікті  басқаруға қажетті сенiмхат құжаттар тiзiмiнен алынып тасталды.

«Көлік жүргізуші техпаспорт, көлiк құралын тiркеу туралы куәлiгiн және сақтандыру полисін алып, жүре береді. Біздiң қызметкерлер техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Сол бойынша тексерiп, кiмнiң автөкөлiгi екенiн, азаматтың көлікті заң жүзiнде басқарып жүргендігін анықтай алады»,-  деп түйді Қ. Сұлтанбаев.

Хабарламаларға жазылу