«Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңажылдық сыйлықтар таратты (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңажылдық сыйлықтар таратты (ФОТО)

02.01.2015
«Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңажылдық сыйлықтар таратты (ФОТО)

«Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясының өкілдері Астана қаласының Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің тәрбиеленушілеріне жаңажылдық сыйлықтар таратты.

Ертеңгілікте Аяз ата, Ақшақар, Мыстан кемпір және басқа да ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен, жаңажылдық қойылым ұйымдастырылды. Балалар қол ұстасып, би билеп, өлең айтып, жұмбақтар шешті.

Шара соңында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үй-интернатының барлық тәрбиеленушісі кәмпиттер, ойыншықтар мен балалар шығармашылығына арналған жиынтықтар салынған сыйлық-қоржындарын алды.

«Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы Жаңа жылды мерекелеу қарсаңында сәбилер үйі, балалар үйі, жасөспірімдер үйі, қарттар мен мүгедектерге арналған ұйымдар, психоневрологиялық мекемелерде жаңажылдық сыйлықтарды табыстау іс-шарасын ұйымдастырды. Біз бүкіл Қазақстан бойынша осындай 30-дан аса ұйымды қамтыдық», - дейді «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ менеджері Сәуле Бөлебаева.

Хабарламаларға жазылу