Театр сыншысы Әшірбек Сығайға арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Театр сыншысы Әшірбек Сығайға арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтеді

28.12.2014
Театр сыншысы Әшірбек Сығайға арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтеді

Алматыда жақында ғана дүниеден өткен белгілі театр сыншысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әшірбек Сығайдың рухына арналған деректі фильмнің таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әшірбек Сығай: Сын сардары» атты деректі фильмнің таныстырылымы 2015 жылғы 6 қаңтарда Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында болады. Фильмнің режиссерлері Қалила және Әбдірахман Омаровтар. Картинаны «Қазақфильм» киностудиясы» АҚ түсірген.

Премьераға белгілі театр және өнер қайраткерлері, жазушылар, Ә.Сығайдың замандастары мен шәкірттері, өнер сүйер қауым және туыстары қатыспақ.

Сондай-ақ, сыншы туралы деректі фильмнің таныстырылымы өнер қайраткерінің туған жерінде, 8 қаңтарда - Шымкентте және 9 қаңтарда - Кентауда өтпек. 

Хабарламаларға жазылу