Сәбира Майқанованың туғанына – 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәбира Майқанованың туғанына – 100 жыл

29.09.2014
Сәбира Майқанованың туғанына – 100 жыл

«Шалқар» ұлттық арнасының эфирінде өткен «Елім менің» ақпараттық-танымдық хабарының бүгінгі шығарылымы КСРО Халық әртісі, актриса Сәбира Майқановаға арналды.  Хабарда театр сыншысы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері  Әшірбек Сығай қонақта болып, сұхбат берді.

Айта кетейік, Сәбира Майқанова 1914 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген. Театр сахнасындағы тұңғыш рөлі – Б.Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай.

«Сәбира Майқанова – руханият дәуірі. Ол жүз жылда бір қайталанатын тұлға. Оны – эстетикалық пішін, эстетикалық мазмұн десек те қателеспейміз. Өйткені, ішкі әлемі мол талантты актрисаны мен сирек кездестірдім» , - дейді театр сыншысы Әшірбек Сығай.

Сондай-ақ, Әшірбек Сығайдың айтуынша, Сәбира Майқанова -  өнерін бағалай білген, өнерінің арқасында халықтың жүрегінен орын алған тұлға. «Оның сөз саптауы, сөйлеу үлгісі, актерлік шеберлігі – мұның бәрі бір тұтас мектеп», - дейді сыншы.

Сәбира Майқанова туралы толық білгіңіз келсе, «Елім менің» хабарын тыңдаңыз.

 

Фото: auezov-teatr.kz

Хабарламаларға жазылу