Әшірбек Сығайға арналған деректі фильм жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әшірбек Сығайға арналған деректі фильм жарық көрді

06.01.2015
Әшірбек Сығайға арналған деректі фильм жарық көрді

Осындай атаумен бүгін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығайға арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

Премьераға белгілі театр және өнер қайраткерлері, жазушылар, өнерсүйер қауым мен туған-туыстары қатысты.

Картинаны «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Деректі фильм екі бөлімнен тұрады.

Өнер қайраткері туралы фильмнің таныстырылымы 8-қаңтарда туған жері  Шымкентте, 9-қаңтарда Кентауда өтпек.

 

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу