Елордада XXV республикалық театр фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада XXV республикалық театр фестивалі өтеді

01.09.2017

Астанада көрнекті театр сыншысы Әшірбек Сығайдың 70 жылдығына арналған қазақ драма театрларының 15-ші республикалық фестивалі өтеді. Шара қыркүйектің 9-13 аралығына жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері баспасөз конференциясында мәлімдеді. Фестиваль - бар ғұмырын театрға арнаған біртуар тұлға Әшірбек Сығайдың шығармашылығын дәріптеу мен оның артында қалған мұраларын жаңғыртуды көздеп отыр. Астана тұрғындары мен қонақтары 5 күн бойы Жастар театры, Қазақстан орталық концерт залы мен Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрларында үздік қойылымдар тамашалай алады. 

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу