Ақын Серік Сейітманның «Қарашаңырақ» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Серік Сейітманның «Қарашаңырақ» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті

25.09.2014
Ақын Серік Сейітманның «Қарашаңырақ» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Шалқар» радиосының Бас редакторы, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің 1-дәрежелі лауреаты, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, ақын Серік Сейітманның «Қарашаңырақ» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

Кітаптың тұсауын ақын Серік Тұрғынбекұлы мен Несіпбек Айтұлы кесті. Ал кешті ақын, сатирик Көпен Әмірбек жүргізді. Осыдан кейін театр сыншысы, аудармашы Әшірбек Сығай, Қазақ радиосының директоры Махат Садық, сыншы Амангелді Кеңшілікұлы, абайтанушы, ғалым Омар Жәлел ақын Қалқаман Сарин кітап туралы өз ойларын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

Сонымен қатар, халықаралық «Азия дауысы» фестивалінің бас жүлдегері, әнші Бауыржан Исаев, дәстүрлі әнші Жасұлан Базарбеков, күйшілер Сәрсенғали Жүзбай мен Ардаби Мәулет кеш көркін келтірді.  

Кеш соңында оқырман қауымға автордың қолтаңбасымен жаңа кітап үлестірілді.

Хабарламаларға жазылу