
«Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра!».
Халықтың арман-аңсарынан шежіре шерткен киелі аспап бүгінде жасарып, жаңғырып келеді. Дегенмен, ел арасында «домбыра өзінің қоңыр үнінен айырылып барады», деген пікір бар. «Өйткені, қазіргі шеберлер оған бұрынғыдай мал ішегін емес, жасанды нейлон ішек тағады»,-дейді зерттеушілер.
Этнограф Болат Бопайұлының айтуынша, «қазіргі ішектер табиғи болмағандықтан, құлаққа жағымсыз естіледі. «Қанша жерден керемет күйші болса да, оның қолындағы домбырасы, домбыраның ішегі адамның ішкі сезімімен астаспай жататыны содан»,-дейді ол.
Ал, қарсы тарап малдың ішегі қолға түсе бермейтінін айтады. Сондай-ақ, ол ұзақ шертуге шыдамайды, тез үзіліп қалады екен.
Екі түрлі ішектен шыққан күй қалай шығады? «Таңшолпаннан» көріңіз.
