Блогерлер өткізетін ұтыс ойындарын мемлекет бақылай ала ма?
Өздері «Лотерея емес» десе де, мәні сол ұтысты ойнататын блогерлер айылын жияр емес. Соңғы кейс – заңсыз лотерея ойнатты деп отырған Е.Жәнәбілов деген мен оның әйелі.
Ерлі –зайыпты блогерлер көп автокөлік ойнатпақшы болды. Тек солардың курсын сатып алу керек. Иә, бұрын ондай шараларды блогерлер өз атынан немесе жеке кәсіпкерлік нысаны атынан өткізетін. Кейін заң талаптарына сай болу үшін бүркемелеуге кірісті. Ол үшін курстар сатып коммерциялық ұйымдардың қызметі сияқты көрсететін болған.
Себебі «Лотерея туралы» заңда коммерциялық ұйымдардың тауары мен қызметін жарнамалау үшін ұтыс ойнатуы лотерея болып саналмайды деген. Блогерлер осыны пайдаланып отыр.
Жәнәбіловтер де курсын жарнамалау үшін ЖШС құрған. Сабақтарының мазмұны жайлы әңгіме бөлек. Жұмсартып айтқанда, жөткірінетін «дәрістер» деді оны зерделеу үшін арнайы сатып алған Туризм министрлігінің ойын бизнесін бақылау комитетінің өкілдері.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы