«Жарқ еткен жасын ғұмыр...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жарқ еткен жасын ғұмыр...»

23.12.2014
«Жарқ еткен жасын ғұмыр...»

Қалың көпшілік үшін кешеге дейін белгісіз болып келген ер Бекзат бақыттың дәмін ерте татқан азаматтың бірі еді. Ол – Сиднейде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мықтылардың арасынан суырылып жеке дара шыққан шын жүйріктің бірі болды.

Жалпы, қазақтың абыройын бір-ақ күнде аспандатып, айтулы бәйгеде қазақ қоржынына алғашқылардың бірі болып алтын жүлде салған азамат та Бекзат Саттарханов еді.

Жиырма жасында талайларға арман болған Олимп шыңына көтеріліп, кеше ғана Тәуелсіздік алған жас мемлекеттің Әнұранын аспанмен астасқан алып мұхиттың арғы жағындағы айтулы құрлықта шырқатты.

Қасиетті Түркістаннан шыққан балаң жігіт әп-сәтте ел жүгін көтерер айтулы ерге, атпал азаматқа айналды.

Бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» ток-шоуын көріңіз. Бағдарлама бүгін батырын еске алады.

Хабарламаларға жазылу