Тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін қазақтың өз ішіндегі алауыздығынан құтылуымыз керек – Мемлекет басшысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін қазақтың өз ішіндегі алауыздығынан құтылуымыз керек – Мемлекет басшысы

21.12.2014
Тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін қазақтың өз ішіндегі алауыздығынан құтылуымыз керек – Мемлекет басшысы

Тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін қазақтың өз ішіндегі алауыздығынан құтылуымыз керек.

БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудің маңыздылығына тоқталған Елбасы Н.Назарбаев осылай деді.

«Біздің тарихымыз қазақ даласында сайрап жатыр. Жас ұрпақтың «Ат төбеліндей ғана елге ен дала қайдан келді?», деген сауалына жауап беру үшін хандықтың тарихынын бастауымыз керек. Жастар бұл жердің бабаның қанымен, ананың сүтімен келгенін білуі керек.

Қазақ тарихының мәні - бірігуде. Тарихтағы жеңістің бәрі бірігудің арқасында келген. Ата-бабаларымыздан қалған Тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін ең бірінші қазақтың өзінің ішіндегі алауыздығынан құтылуымыз керек», - деді  Мемлекет басшысы.

Хабарламаларға жазылу