Жазушы Дулат Исабеков Ш. Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Дулат Исабеков Ш. Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды

16.12.2014
Жазушы Дулат Исабеков Ш. Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды

Қазақстаның белгілі жазушысы, драматург Дулат Исабеков Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды.

«Мен бақыттымын. Өйткені, бұл Халықаралық сыйлықты Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңында алып тұрмын» - деді жазушы.

Д. Исабековке бұл сыйлық өзінің «Өкпек жолаушы» атты пьесасының Лондон театрында сахналанғаны және тұңғыш рет ағылшын тілінде «Гауһартас» атты әңгімелер мен повестер жинағының жарық көргендігі үшін берілді.

Жоғары марапаттқа ие болған жазушы өз сөзінде Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап, ядролық қарудан бас тартқандығын әрдайым мақтан тұтатындығын жеткізді.

«Елбасының бастамасымен Қазақстанда бүгінде тілдердің үшбірлігі саясаты жүргізіледі. Яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдері оқытылады. Ал бұл, халқымызға бәсекеге қабілетті, ашық, толерантты болуға мүмкіндік береді» - деді Д. Исабеков.

Сонымен қатар, биыл аталмыш марапатқа франциялық жазушы әрі аудармашы Лили Дени де ие болды. Ол Шыңғыс Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме» повестері мен «Кассандра таңбасы» романын француз тіліне аударған.

Фото: Алаш айнасы

 

Хабарламаларға жазылу