Бүгін республиканың бірқатар өңірінде жел күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін республиканың бірқатар өңірінде жел күшейеді

14.12.2014
Бүгін республиканың бірқатар өңірінде жел күшейеді

14 желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерде көктайғақ болып, жел күшейеді. Еліміздің батыс пен солтүстік-батыс өңірлерінде ғана қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл облысының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с болып, тұман түседі. Батыс Қазақстанда тұман, көктайғақ, екпіні 15-20 м/с жел соғып, бұрқасын болады. Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағандыда, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстанда, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болады. Атырау облысының бірқатар өңірінде көктайғақ болып, тұман түседі.  

Хабарламаларға жазылу