Ауа райы: Еліміздің басым аймағында жел күшейіп, көктайғақ болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Еліміздің басым аймағында жел күшейіп, көктайғақ болады

27.11.2015
Ауа райы: Еліміздің басым аймағында жел күшейіп, көктайғақ болады

Атмосфералық ағындардың өтуімен республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашынды, бұрқасынды ауа райы сақталады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді. Қазгидрометтің хабарлауынша, республиканың қалған аумағында күн ашық болады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай, күндіз Павлодар облыстарында жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі.

Маңғыстау облысында тұман түседі, түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман болады. 

Хабарламаларға жазылу