Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

10.12.2014
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, тек республиканың шығыс өңірінде кей жерлерде қар жауады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман болады. Жамбыл  және Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумағында да тұман болып, жел 15-20 метр/секундқа күшейеді.

Ал, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстарында  кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 метр/секундқа жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 метр/секундқа күшейіп, боран соғуы мүмкін.

Дәл қазір Астанада ауа температурасы -21 градус суық. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 1 метр-секунд.

Хабарламаларға жазылу