«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» пойыздарының жолаушылары үшін 20 пайыздық жеңілдіктер қарастырылған дербес дисконт карталарын енгізуде.
- «Тұлпар-Тальго» пойызы жолаушыларының ниеттестігі бағдарламасын енгізу аясында 2014 жылғы 16 желтоқсаннан бастап №1/2 «Астана-Алматы», №701/702 «Алматы-Петропавл», №19/20 «Астана-Атырау», №87/88 «Ақтөбе-Астана», №79/80 «Астана-Шымкент», №77/78 «Алматы-Атырау», №49/50 «Алматы-Ақтөбе», №69/70 «Алматы-Өскемен», №35/36 «Алматы-Шымкент», №67/68 «Астана-Өскемен» пойыздарында, сондай-ақ жыл соңына дейін іске қосылады деп күтіліп отырған №89/90 «Астана-Қызылорда» пойызында дербес дисконттық карталар енгізілуде.
Аталмыш карталар жолаушылардың төмендегі үш санаттарына арналған: «Жастар» - 16-25 жас аралығындағы жастар үшін, жеңілдік көлемі - 10 пайыз, құны 999 тенге; «Құрмет» - 60 жас пен одан ересек адамдар үшін, жеңілдік көлемі - 10 пайыз, құны 999 теңге; «Саяхатшы» - «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүрдек пойыздарында соңғы 12 айда сапарлаған тұрақты жолаушылар үшін, сапарлардың жалпы бағасы төмендегідей болуы шарт: 100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік көлемі - 10 пайыз; 150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік құны - 15 пайыз; 200 001 теңгеден жоғары, жеңілдік көлемі - 20 пайыз.
Осыған дейін енгізілген жолаушының алдын ала билет сатып алғандағы 35 пайыздық жеңілдігін есепке алғанда, жолаушы дисконттық картасы болған жағдайда жалпы алғанда 52 пайыздық жеңілдікке ие бола алады.
Дисконттық карталарды Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Өскемен, Шымкент, Қызылорда, Қарағанды қалаларының темір жол вокзалдарының билет кассаларынан алуға болады. Өзімен бірге жолаушы жеке төлқұжатын ала келгені жөн, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.